Ер адам кездесуге келген қызды смартфон қолданғаны үшін соттатқысы келген

© mainfun.ru

Американы? Остин ?аласыны? т?р?ыны ?нататын ?ызымен бірге кино?а бар?анда с?йіктісі смартфон?а жиі ?арап отыр?анды?тан оны сот?а берген, - деп жазады Life.ru.

Американың Остин қаласының тұрғыны ұнататын қызымен бірге киноға барғанда сүйіктісі смартфонға жиі қарап отырғандықтан оны сотқа берген, - деп жазады Life.ru.

Басылымның мәліметінше, ер адам қызды киноға шақырған. Алайда қыздың смарфтонға деген тәуелділігіне байланысты романтикалық кеш ойдағыдай болмаған. Киноға кірген соң шамамен 15 минуттан кейін қыз телефоны арқылы біреумен хат жазысып отырған. 

Ер адамның айтуынша, қыз 15 минуттың ішінде ұялы телефонына 10-20 рет қараған. Ол одан ұялы телефонына қарай бермеуін сұраған, алайда қыз ер адамның айтқанын тыңдамай, залдан шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Реклама
Реклама

Осылайша, ер адам қыздан әдепсіз әрекеті үшін билеттің ақшасын ($17,31) өндіріп алуды шешкен. Ал қыз өз кезегінде сол сәтте міндетті түрде ұялы телефонына жауап беруі керек болғанын айтқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама