22 шілде 2022 | 09:10

"Ералаштың" бұрынғы режиссері педофилия үшін сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: © РИА Новости/Антон Денисов

"Ералаштың" бұрынғы режиссері Илья Белостоцкий 14 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Ералаштың" бұрынғы режиссері Илья Белостоцкий 14 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сот жабық режимде өтті.

"Солнцево ауданаралық прокуратурасы прокурорының ұстанымын ескере отырып, сот Белостоцкийді қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында Белостоцкийге 14 жасқа толмаған балаға әдепсіз әрекеттер жасады деген айып тағылған. Ал сотта күш қолданды немесе кәмілетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық сипаттағы күш қолданды деген айып тағылды. Ол 2020 жылдың қазанынан бері қамауда отыр.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады.

Белостоцкий - ресейлік режиссер, сценарист, актер және продюсер. 2000 жылдардың ортасынан бастап "Ералашта" режиссер болып қызмет атқарды. Киножурналдың баспасөз қызметі тергеудің әділ өтуіне мүдделі екенін айтып, "Ералашта" балалар үнемі бақылауда болғанын, түсірілім кезінде балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің болғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная