Ердоған 14 мамырда сайлау өткізу туралы шешімін растады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.tr

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 мамырда президенттік және парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 мамырда президенттік және парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ол биліктегі Әділет және даму партиясы (AKP) атынан парламентте сөйлеген сөзінде айтты.

"Уақыт таяп қалды. 14 мамырда халқымыз қажет нәрсені жасайды деп үміттенемін", - деді Түркия басшысы.

Реклама
Реклама

Ердоған үкіметі Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар санының көптігі үшін сынға алынған болатын.

Елдегі және шетелдегі сыншылар AKP жылдар бойы құрылысшылар мен үй иелеріне ғимараттарды қауіпсіз ететін ережелерді бұзғаны үшін амнистия жариялағанына назар аударған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама