Ердоған автобустың астына түскен оққағарына алғашқы көмек көрсетті

Ердоған автобустың астына түскен оққағарына алғашқы көмек көрсетті © milliyet.com.tr

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның күзет қызметінің маманы президенттік автобустың астына қалып қойды. Оқиға Элязыг провинциясында болған, - деп хабарлайды Hürriyet.

Басылым мәліметінше, президенттік автобус кортежі әкімдік ғимаратынан шығып бара жатқан кезде абайсызда күзетшіні қағып кеткен. Ер адам автобустың астында қалып қойған. Газет мәліметінше, Ердоған өзі шығып, зардап шеккен адамға жедел-жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсеткен. Күзет қызметінің маманы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. 

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама