16 қараша 2020 | 16:06

Ердоған Әзербайжанға әскер жіберуді жоспарлап отыр - БАҚ

© REUTERS

Түркия президенті Тайып Ердоғанның Әзербайжанға түрік әскерін жіберу туралы жарлығының жобасы республика парламентіне жіберілді, - деп хабарлайды РИА Новости Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Тайып Ердоғанның Әзербайжанға түрік әскерін жіберу туралы жарлығының жобасы республика парламентіне жіберілді, - деп хабарлайды РИА Новости Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, таяуда Түркия парламенті осы мәселені қарастырады.

Реклама
Реклама

Жарлық мәтінінде Таулы Қарабақ туралы бірлескен мәлімдеменің шарттарына, сондай-ақ Бакудың Түркия мен Ресейдің атысты тоқтату режимін бақылау жөніндегі бірлескен орталығын құру жөніндегі ұстанымына сілтемелер бар.

"Шиеленісе түсті". Армения мен Әзербайжан арасындағы қазіргі жағдай қандай?

"Бірлескен орталықтың орнын Әзербайжан белгілейді. Орталықта әскери қызметшілер, ал қажет болған жағдайда мамандар жұмыс істейді. Орталықтың жұмысы Әзербайжанның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі қадамдар аясында оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның тиісті қарарларында да көрсетілен. Әзербайжанға әскер жіберу Түркияның ұлттық мүдделеріне де сәйкес келеді", - делінген құжат мәтінінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная