ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2022 | 16:23
Ердоған БҰҰ басшысы және Зеленскиймен кездесуге Украинаға барды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаға барды. Желіде оның Львов қаласында түсірілген кортежінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаға барды. Желіде оның Львов қаласында түсірілген кортежінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ердоған Украинаға сапары барысында президент Владимир Зеленскиймен және бір күн бұрын келген БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездеседі.
Түркия делегациясы құрамында түрік дипломатиясының басшысы Мевлют Чавушоглу, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Президент әкімшілігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшысы Исмаил Демир, билеуші Әділет және даму партиясының ресми өкілі Омер Челик және Түркия үкіметінің кейбір басқа мүшелері бар. Олардың арасында Baykar Makina компаниясының бас директоры Халук Байрактар да бар.
Түркиялық БАҚ өкілдері мәліметінше, Ердоған Зеленскийге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ұйымдастыруды, сондай-ақ атысты тоқтату режимін жариялауды ұсынуды жоспарлап отыр.
Кездесуде соғысты деэскалациялау мүмкіндігі, Украина порттарынан Қара теңізге кемелердің қозғалысы, азық-түлік пен астық экспорты, сондай-ақ Запорожье атом электр станциясы төңірегіндегі жағдай талқыланады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также