ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2023 | 14:05
Ердоған дауыс беретін түрік мектебі қандай?
Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы сайлауда дауыс береді деген сайлау учаскесінде болды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы сайлауда дауыс береді деген сайлау учаскесінде болды.
Бұған дейін түрік ақпарат құралдары Түркия президенттігіне үміткерлердің барлығы қайда дауыс беретіні туралы ақпаратты таратқан болатын. Жарияланған мақалада Стамбулдағы мектепте орналасқан сайлау учаскесіне келуді жоспарлап отырған Ердоғаннан басқа барлық үміткерлер Анкарада дауыс беретіні айтылған.
Сафет Чеби атындағы орта мектеп Үсқұдар ауданында орналасқан. Бұл Ыстамбұлдың ежелгі және маңызды бөліктерінің бірі.
Бүгінгі күнге дейін бұл аймақ көп өзгерген жоқ. Үсқұдардың басты көрікті жерлері - мешіттер.
Қаланың ең көне ауданы төбеде орналасқан.
Үсқұдар тарихи-мәдени маңызымен, асханасымен және жергілікті базарларымен туристерді қызықтыратын өте көркем аймақ.
Мұнда жасыл желек, әдемі жерлер көп...
Ыстамбұлдың осы аймағы елдің қазіргі президентінің саясатын қолдайтын азаматтардың ең көп мекені екені айтылады. Сондықтан да болар, көшелерінде Ердоған бейнеленген сайлау плакаттары мен билбордтар өте көп.
Саффет Чеби атындағы мектепке жақындап қалдық. Мектеп биік қоршаулармен қоршалған, оған бейнебақылау камералары орнатылған.
Бұл мектеп аумағына кіретін негізгі есік.
Білім ордасының ресми сайтында мектеп меценат Саффет Чебидің қолдауымен салынып, 1999 жылы ашылғаны айтылған.
Ол Үсқұдар ауданындағы ең үздік бес мектептің бірі.
Мұнда 700-ден астам бала білім алады.
Мектеп аумағына кіре берісте Tengrinews.kz фототілшісінің құжаттары тексеріліп, келу мақсаты сұралды.
Қауіпсіздік қызметінің өкілі сайлау учаскесі Режеп Тайып Ердоған 14 мамырда дауыс береді деген осы мектепте орналасқанын растады.
Алайда фототілшіге дауыс беру орнының қалай ұйымдастырылғанын көруге рұқсат етілмеді. Ердоған бұрынғысынша Түркия астанасы – Анкарадағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беруі де мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также