30 мамыр 2022 | 07:39

Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру бойынша келіссөздеріне көңілі толмады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: © Reuters

Түркия президенті Тайып Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі бойынша келіссөздеріне көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы жексенбі күні TRT Haber мемлекеттік телекомпаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды REUTERS агенттігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Тайып Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі бойынша келіссөздеріне көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы жексенбі күні TRT Haber мемлекеттік телекомпаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды REUTERS агенттігі.

Түрік көшбасшысы Финляндия мен Швецияны шыншыл емес деп сөкті. Өзі президент болып тұрғанда лаңкестердің НАТО-ға кіруін қолдайтын елдермен қарым-қатынас орнатпайтынын айтты.

Мәлімет бойынша, НАТО елдерінің тұрақты өкілдері сәрсенбіде Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы келіссөздерді бастау үшін кездесу өткізген, келесі кездесу қашан болатыны белгісіз.

Реклама
Реклама

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, бұл жағдай Одақ Финляндия мен Швецияның өтінімдерін бір-екі апта ішінде мақұлдай алады деу күмән тудырады.

19 мамырда Финляндия президенті Саули Ниинисте мен Швеция премьер-министрі Магдалена Андерсон АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, оның қолдауына ие болып, түрік қарсылығын жеңуге тырысқан.

Еске салайық, Түркия Швеция мен Финляндияны Анкара террористік аймақ деп санайтын күрд қарулы күштерін қолдады деп айыптайды. Сонымен қатар, бұл елдер 2019 жылы Сириядағы күрдтерге қарсы әскери операция басталғаннан кейін Түркияға қорғаныс өнімдерін жеткізуге санкциялар салған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная