Ердоған коронавирустан жазылып шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

Коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін оқшауланған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның COVID-19-ға тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркия көшбасшысының емдеуші дәрігері, профессор Серкан Топалоғлы мәлімдеді.

"Соңғы екі күнде тапсырған ПТР-сынама теріс нәтиже берді", - деді ол.

Реклама
Реклама

Дәрігердің айтуынша, мемлекет басшысы ертең жұмысқа оралуы мүмкін.

"Менің ойымша, жақын арада, тіпті ертең президент әдеттегі жұмыс уақытына оралады", - делінген хабарламада.

Ердоғанға коронавирус диагнозы қойылғаны 5 ақпанда белгілі болды. Ол аурудың жеңіл белгілері басталғаннан кейін жұбайымен COVID-19-ға сынама тапсырып, тест оң нәтиже бергенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама