31 мамыр 2022 | 07:19

Ердоған Путинмен және Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© Reuters

30 мамырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей және Украина президенттерімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы мемлекет басшыларының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

30 мамырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей және Украина президенттерімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы мемлекет басшыларының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркия басшысының кеңсесінің мәліметінше, Ердоған мен Путин екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа баса назар аудара отырып, аймақтық процестерді талқылаған.

Кездесу барысында Ердоған Мәскеу мен Киев арасындағы бейбітшілік іргетасын тезірек қалпына келтіру, соғыстың жағымсыз салдарын азайту және тараптар арасында сенім атмосферасын құру үшін қадамдар жасау қажеттігін атап көрсеткен.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Түркия президенті ресейлік әріптесіне Ыстамбұлда Ресей, Украина және БҰҰ делегациялары арасында кездесу өткізуді ұсынған.

Ал Кремльдің баспасөз қызметі Ердоғанмен Украинадағы жағдайды талқылау кезінде Қара және Азов теңіздерінде қауіпсіз навигацияны қамтамасыз ету және судағы мина қаупін жою басты назарда болғанын айтты.

"Ердоған Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерді жалғастыру үшін бар күш-жігерін салғанын және бұдан былай да қолдау көрсетуге дайын екенін айтты", - деп хабарлады Түркия басшысының кеңсесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная