Ердоған Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайтынын мәлімдеді

Ердоған Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайтынын мәлімдеді © Украина президентінің баспасөз қызметі

Т?ркия президенті Тайип Ердо?ан Т?ркияны? Украинаны? егемендігін ?олдайтынын ж?не ?ырымны? "за?сыз аннексиясын" мойындамайтынын м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Түркия президенті Тайип Ердоған Түркияның Украинаның егемендігін қолдайтынын және Қырымның "заңсыз аннексиясын" мойындамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұл мәлімдемені ол Украина президенті Петр Порошенкомен Киевтегі өткен екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша брифингте жасады. 

"Порошенкоға Түркияның Украина егемендігін, территориялық тұтастығын, оның ішінде Қырымды және саяси  консолидациясын қолдауды жалғастыратынын тағы да айттым", - деді ол. 

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, Ердоған украин әріптесімен кездесуде Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша үйлестіруге келіскенін айтты.

"Біз елдерімізге қатысты халықаралық аймақтық мәселелерді талқыладық, оның ішінде Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік мәселесі де бар. Досымыз екеуміз (Порошенкомен) осы мәселеде үйлесе отырып әрекет етуге келістік", - деді Ердоған Порошенкомен бірге өткен мәслихатта.  

Қырым 2014 жылдың наурызында жартыаралда өткізілген референдумнан кейін Ресейдің аймағы болып танылған еді, сол кезде Қырым республикасының сайлаушыларының 96,77 пайызы және Севастополь тұрғындарының 95,6 пайызы Ресей құрамына енуді қолдап дауыс берген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама