28 қазан 2020 18:21

Ердоған Ресейді Сириядағы оппозиция лагеріне шабуыл жасады деп айыптады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейді Сирияның Идлиб провинциясындағы оппозицияның оқу-жаттығу лагеріне шабуыл жасады деп айыптады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейді Сирияның Идлиб провинциясындағы оппозицияның оқу-жаттығу лагеріне шабуыл жасады деп айыптады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресейдің Идлиб аймағындағы оппозицияның оқу-жаттығу лагеріне жасаған шабуылы онда тұрақты бейбітшілік пен тыныштыққа деген ұмтылыстың жоғын көрсетеді", - деді ол Әділет және даму партиясының парламенттік фракциясында.

Реклама
Реклама

Сириялық БАҚ мәліметінше, Ресей әуе-ғарыш күштерінің Түркия шекарасына жақын орналасқан Джабал Дувейльдегі террористік топтың оқу-жаттығу лагеріне жасаған әуе шабуылы нәтижесінде 40-тан аса содыр өлтіріліп, кем дегенде 60 адам жарақат алған.

Идлиб Сирияда басым бөлігі бандалардың бақылауында тұрған жалғыз өңір болып отыр. Провинцияда түрік армиясының бақылау бекеттері бар, Ресей - Түркия келісіміне сәйкес екі елдің әскери күші Идлибте бірлескен патруль жүргізеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram