01 маусым 2023 | 16:21

Ердоған Түркия президенті болып сайланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:tccb.gov.tr

Түркияда 28 мамырда өткен дауыс берудің екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Режеп Тайып Ердоған ресми түрде президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда 28 мамырда өткен дауыс берудің екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Режеп Тайып Ердоған ресми түрде президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Сайлаудың түпкілікті нәтижелерін Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің басшысы Ахмет Енер жариялады. Оның мәліметінше, Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға байланысты барлық арыз бен өтініш бойынша шешім қабылдады.

"Түркияда 28 мамырда өткен дауыс беруге 52 093 375 сайлаушы қатысты. Дауыс беруге қатысқандар - 85,72 пайыз. Шетелдік сайлау учаскелерінде, оның ішінде шекаралық бекеттерде 1 миллион 930 мың 226 азамат дауыс берді. Дауыс беру көрсеткіші 56,34 пайыз болды. Жалпы Түркияның 54 024 601 азаматы сайлау құқығын пайдаланды. 28 мамырда сайлаушылардың жалпы қатысуы 84,15 пайызға жетті", - деді Йенер.

Реклама
Реклама

ОСК басшысы президенттік сайлаудағы дауыс берудің екінші кезеңінің түпкілікті қорытындысы бойынша Режеп Тайып Ердоған 52,18 пайыз (27 834 589 бюллетень), Кемал Кылычдароглу 47,82 пайыз (25 504 704 бюллетень) дауыс жинағанын айтты.

"Осы деректер негізінде Режеп Тайып Ердоған Түркия президенті болып сайланды", - деді Жоғары сайлау кеңесінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная