ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2022 | 17:17
Ердоған Түркия сыртқы істер министрін қызметінен босатуы мүмкін - БАҚ
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлұны қызметінен босатуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Гүлдің отставкаға кетуін, Ердоғанның партия ішіндегі дауларда бұрынғы премьер-министр Бинали Йылдырымның жағына шыққанының белгісі деп бағалауға болады.
Түркия басшысы мәдениет министрі Мехмет Нури Ерсой, денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа және ауыл шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлиді де қызметінен босатуы мүмкін екені айтылды. Басылым министрлер кабинетіндегі өзгерістер бірден болмайтынын жазды.
Бұған дейін Ердоған ұлттық статистика агенттігінің басшысы Саит Эрдал Динчерді қызметінен босатқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также