02 мамыр 2022 | 13:05

Ердоған Зеленский мен Путин Түркияда бір шешімге келеді деп үміттенеді

©Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің Түркиядағы ықтимал кездесуі барысында Украинаның шығысына қатысты шешімдер қабылданады деп санайды, - деп хабарлайды Gazeta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің Түркиядағы ықтимал кездесуі барысында Украинаның шығысына қатысты шешімдер қабылданады деп санайды, - деп хабарлайды Gazeta.ru.

"Біздің ниетіміз - Ыстамбұлда немесе Анкарада Ресей мен Украина президенттерінің басын қосу. Украинаның шығысына қатысты шешімдер қабылданатын орын Түркия болады", - деп келтірді оның сөзін CNN Turk.

Сонымен қатар, Ердоған осы аптада Путинмен телефон арқылы сөйлескісі келетінін айтты.

Реклама
Реклама

Кейінгі рет саясаткерлер сәуірдің соңында телефон арқылы сөйлескен. Сол кезде Ердоған Украинадағы қақтығысты тез арада тоқтату керегін және Түркия бұған ықпал етуге дайын екенін мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная