Ердоғанның басты қарсыласы 110 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Кемаль Кылычдароглу. Фото:instagram.com/kilicdaroglu Кемаль Кылычдароглу. Фото:instagram.com/kilicdaroglu

Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының (СНР) жетекшісі және президенттікке үміткер болған Кемал Кылычдароғлу 110 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.

Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының (СНР) жетекшісі және президенттікке үміткер болған Кемал Кылычдароғлу 110 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.

Басылымның шолушысы Барыш Теркоғлудың мәліметінше, депутаттық мандатынан айырылған Кылычдароғлу таяу күндері тұтқындалуы мүмкін. Іс Анкара прокуратурасына жіберілген.

"Кылычдароғлу 110 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Оған саяси қызметтерге тыйым салынуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Кылычдароғлудың адвокаты Джелал Челиктің айтуынша, саясаткерге қарсы 28 іс қозғалған. Көп жағдайда президент Режеп Тайып Ердоған себепкер болған. Сонымен қатар, көптеген сот ісі бойынша саясаткер 4 жылға дейін, ал жалпы алғанда барлық сот ісі бойынша 110 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кылычдароғлу өзінің жеңілгенін мойындайтынын немесе дауыс беру нәтижелеріне қарсы шығатынын мәлімдеген жоқ. Бірақ ол демократия үшін күресті Түркияда "сөздің шын мағынасында" жүзеге асырылмайынша жалғастыратынына сендірді.

Еске сала кетейік, саясаткер президенттік сайлаудың екінші турында 47,82 пайыз дауыс жинап, Ердоғаннан жеңіліп қалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Алғабек Хамитұлы
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная