29 сәуір 2023 | 13:45

Ердоғанның қарсыласы Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/kilicdaroglu

Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы, түрік оппозициясының жетекшісі Кемал Кылычдароғлу Financial Times басылымына елдің Еуропалық Одаққа кіруі бойынша келіссөздерді дереу қайта бастау ниеті барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы, түрік оппозициясының жетекшісі Кемал Кылычдароғлу Financial Times басылымына елдің Еуропалық Одаққа кіруі бойынша келіссөздерді дереу қайта бастау ниеті барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркия президенттігіне үміткер Кемал Кылычдароғлу жеңіске жетсе, "Владимир Путиннің Украинаға шабуыл жасап, басып алуын дұрыс емес деп санасақ та, Ресеймен экономикалық қарым-қатынас сақталатынын" мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Кемал Кылычдароғлу билік ауысқаннан кейін түрік лирасы соңғы уақытта рекорд деңгейге түсіп, инфляция 50 пайыздан асып кеткендіктен, елдегі нақты қаржылық жағдайды анықтау қажет екенін айтты.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып барлық қоғамдық шараларды тоқтатқан болатын. Бұған оның ауырып қалуы себеп болды.

Еске салайық, 26 сәуірде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде өзін нашар сезініп, сұхбат үзілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная