27 ақпан 2021 | 11:54

Ереванда оппозиционерлер парламент маңында екінші күн түнеп шықты

© Sputnik / Асатур Есаянц

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қарсыластары Еревандағы парламент ғимаратының жанындағы лагерьде екінші түн өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қарсыластары Еревандағы парламент ғимаратының жанындағы лагерьде екінші түн өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Лагерьде ондаған адам түнеді. Ақпарат бойынша, түн тыныш өткен. Олар от жағып жылынған. Жақтастары таңғы ас та әкеп беріпті. Күндіз бұл жерде оппозиция өкілдері кезекті митинг болатынын атты. 

БАҚ мәліметіне қарағанда, лагерьге кіреберісті полиция жауып тастаған. Парламент қоршауының алдында да полицейлер сап түзеп тұр.

Реклама
Реклама

"Сыртқы саясаттағы қателіктер". Халқы неге Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп жатыр?

Еске салайық, Армения астанасы Ереванда тағы да наразылық шаралары өтіп жатыр. Оппозиционерлер бұл жолы да премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап етіп, көшеге шыққан. Ал Пашинян өзінің отставкаға кетуін талап еткен лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная