Ереванда полиция ғимаратын басып алғандардың бірі оқиға орнынан видео жариялады

Ереванда полиция ғимаратын басып алғандардың бірі Арег Кюрегян оқиға орнында түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісінде жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Кадрлардан Кюрегян мен оның сыбайласы автомат асынып алған, ал бөлмелердің бірінде кепілге алынған қызметкерлер бар. Басып алуға қатысқандардың қанша екені әзірше белгісіз қалып отыр, алайда видеоға қарағанда кем дегенде бесеу.

Реклама
Реклама

Басып алушылардың басты талабы - Армения президенті Серж Саргсянның отставкасы және уақытша үкіметтің құрылуы екен. Сонымен қатар, олар егер полицейлер ғимаратқа басып кіретін болса, лайықты түрде тойтарыс беретінін ескертіп отыр. Армения билігі өз кезегінде мұны қарулы көтеріліс емес деп отыр.

Еске салайық, бүгін, 17 шілдеде Армения астанасы Ереван қаласының маңындағы Эребуни ауданында қарулы топ полиция бөлімшесінің ғимаратын басып алған болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама