Ерлерді Қазақстаннан әкелу ұсынысынан кейін Омбыда әйелдерді зорлау жиілеп кеткен

Ерлерді Қазақстаннан әкелу ұсынысынан кейін Омбыда әйелдерді зорлау жиілеп кеткен © politrussia.com

Омбылы? саясаткерді? демографияны к?теру ?шін Солт?стік ?аза?станнан ерлерді ?келу туралы ?сынысы жергілікті халы?ты? теріс ?рекетін ту?ыз?ан, - деп хабарлайды "СуперОмск".

Омбылық саясаткердің демографияны көтеру үшін Солтүстік Қазақстаннан ерлерді әкелу туралы ұсынысы жергілікті халықтың теріс әрекетін туғызған, - деп хабарлайды "СуперОмск".

Порталдың ақпараты бойынша, қала әкіміне үміткердің сөзін барлығы бірдей оң қабылдай қоймаған. Осылайша, қалада "әйелдерді зорлау оқиғасы жиілеп кеткен".

"Соңғы тәулікте ғана екі оқиға тіркелді. Бірқатар жергілікті БАҚ әйелді көшеден алып қашқан тұрғын туралы жазып жатыр. Ер адам әйелді таксиге салып әкеткен, оны досының үйінде бірнеше күн зорлаған. Ертеңінде белгісіз адамдар екі баланың анасын үйдің кіре берісінде зорлаған", - деп жазады портал. 

Реклама
Реклама

Мұның алдында Омбы әкімдігіне үміткер 44 жастағы Дмитрий Перевальский демографияны көтеру үшін Қазақстаннан ер адамдарды әкелуді ұсынған болатын. Осылайша, қазақстандықтар омбылықтардың туу көрсеткішін арттыру керек болған екен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама