03 қаңтар 2021 11:41

Эстония Ресейге қатысты аумақтық наразылық туралы мәлімдеді

© РИА Новости

Эстония Парламентінің спикері (Ригикогу) Хенн Пыллуаас ERR сайтында жарияланған жаңажылдық үндеуінде Ресейге қатысты аумақтық наразылық туралы тағы да еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эстония Парламентінің спикері (Ригикогу) Хенн Пыллуаас ERR сайтында жарияланған жаңажылдық үндеуінде Ресейге қатысты аумақтық наразылық туралы тағы да еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, 1920 жылғы бейбіт келісімшарт бойынша Ресей мен Эстония арасындағы мемлекеттік шекара туралы уағдаластықтар өз күшінде. Бұл Нарва өзенінің оң жағалауы мен Печора ауданының бір бөлігі Эстонияға тиесілі дегенді білдіреді.

Реклама
Реклама

"Екінші ақпанда біз бейбітшілік келісіміне қол қойылған күннен бастап жүз жыл болғанын атап өттік, ол келісімде Ресей Эстонияның тәуелсіздігі мен оған қолсұғылмаушылығын мойындады. Содан кейін Эстония мен Ресей арасындағы шекара келісілді, ол бүгінде халықаралық заңға сәйкес жұмыс істейді", - деді Пыллуаас.

1920 жылы Ресей мен Эстония арасында жасалған шарт қазіргі уақытта Ленинград облысының Кингисепп ауданының бөлігі болып саналатын Псков облысының Печерск ауданының (Эстон Ингерманландия) аумақтарын, сондай-ақ Нарва өзенінің оң жағалауын республикаға беруді көздеді. Ұлы Отан соғысы кезінде Эстонияны неміс күштерінен босату кезінде бұл аймақтар қайтадан Ресей құрамына оралған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram