24 шілде 2020 14:32

Еуро бағамының өсімі рекордтық деңгейге жетті

Дәурен Ерболат Журналист
Фото: zn.ua

Еуро бағамы көтеріліп, доллар құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуро бағамы көтеріліп, доллар құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың экономиканы қалпына келтіру туралы жақында жасалған келісімі еуро бағамының көтерілуіне ықпал еткен. Бұл оң өзгерісті 2018 жылдың аяғынан бері байқауға болады.

Реклама
Реклама

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, еуро бір аптада 1,6 пайызға көтерілген. Ұлттық банктің мәліметінше, 24 шілдеде 1 еуро құны - 478,18 теңге болған.

Сонымен қатар, доллар бір аптада 1,4 пайызға арзандады (1 доллар = 412,54 теңге). 

Қаржы сарапшысы Ричард Франуловичтің болжамынша, доллар ендігі аптада да арзандауы мүмкін.

Айта кетейік, еуро бағамының қаржы нарығында айтарлықтай көтерілуіне Қытайдың АҚШ-қа жауап қайтаруы себеп болған.

24 шілдеде АҚШ Қытайдан Хьюстондағы консулдығын жабуды талап еткен еді. Осыған байланысты Қытай АҚШ-тан Сычуандағы консулдығын жабуды талап еткен болатын

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram