ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2021 | 09:13
Еурокомиссия вакциналарға тапсырыс беру кезіндегі қатесін мойындады
Еурокомиссия вице-төрағасы Франс Тиммерманс Еуропа одағының коронавирусқа қарсы вакцинация стратегиясындағы жіберген қатесін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еурокомиссия вице-төрағасы Франс Тиммерманс Еуропа одағының коронавирусқа қарсы вакцинация стратегиясындағы жіберген қатесін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com-ға сілтеме жасап.
"Брюссельде де, ЕО-ға мүше елдерде де вакциналарға тапсырыс беру кезінде қате жіберілгені рас", - деді Тиммерманс.
Оның айтуына қарағанда, пандемия аяқталған кезде ғана қорытынды жасауға болады.
"Сонда біз не істегенімізді және дұрыс нәрсені көре аламыз. Қазіргі жағдайда ең бастысы - вакцинаны бүкіл Еуропа алуы", - деді Тиммерманс.
Еурокомиссия коронавирусқа қарсы Еуропа одағында қолдануға рұқсат етілген төрт түрлі вакцинаның кем дегенде 1,4 миллиард дозасына тапсырыс берді, бұл шамамен 450 миллион еуропалық үшін жеткілікті болуы керек. Алайда Еурокомиссия сынға ұшырады, атап айтқанда, вакциналарға тапсырыс беру кезінде батылсыздық пен стратегиялық қате жасады деп айыпталды. Еуропаның кей елдерінде вакциналардың дозалары Еуропа одағы мүшелері арасында әділетсіз бөлінді делінеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также