01 шілде 2020 | 14:06

Еуроодақ 15 елге шекарасын ашты

Фото ©REUTERS

Еуропа одағы 1 шілдеден бастап 15 елдің тұрғындарына шекарасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропа одағы 1 шілдеден бастап 15 елдің тұрғындарына шекарасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпарат Еуропа Кеңесінің сайтында жарияланды. Сейсенбіде Еуропа Кеңесінің министрлері эпидемиологиялық жағдайы ең қолайлы 15 елдің тұрғындары үшін шектеулерді алып тастауға келісті. Кеңес бұл елдер 100 мың адамға шаққандағы жағдайға сүйене отырып, COVID-19-ды тиімді бақылап отырғанын айтады.

Реклама
Реклама

Тізімге енген елдер: Аустралия, Алжир, Грузия, Канада, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Таиланд, Тунис, Уругвай, Черногория, Оңтүстік Корея және Жапония. Қытай да тізімге енген, бірақ ол үшін ЕО тұрғындарына ҚХР аумағына кіруге рұқсат берілуі қажет. 

Бұл елдердің туристері Еуропада Шенген аумағы арқылы саяхаттай алады. Шенген аумағына Еуропа одағының 22 елі және Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария кіреді. 

Елдер тізімі әр екі апта сайын қаралады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram