ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2022 | 17:37
Еуроодақ Беларуське қарсы жаңа санкцияларды мақұлдады
Еуроодақ елдерінің тұрақты өкілдері Беларуське қарсы жаңа шектеу шараларын мақұлдады. Олар бірқатар шенеунік пен өнеркәсіп саласына әсер етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"ЕО елдерінің тұрақты өкілдері комитеті ("Корепер") Беларусь шенеуніктері мен Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына қатысқан әскерилеріне, Беларусь экономикасының бірқатар секторына, оның ішінде ағаш өңдеу, металлургия және калий өнеркәсібіне қатысты жаңа санкцияларды мақұлдады", - делінген ЕО-дағы Франция өкілдігінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.
Агенттік мәліметінше, санкциялар Беларусь тауарларын ЕО-ға экспортына тыйым салуды және Беларусьті SWIFT халықаралық банкаралық төлемдер жүйесінен ажыратуды көздейді. Оның үстіне, шектеулер ел кәсіпкерлеріне де әсер етеді.
Бұған дейін Жапония Сыртқы істер министрлігі АҚШ Беларусь азаматтарына қарсы санкциялар салғанын хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также