ПОДЕЛИТЬСЯ
23 ақпан 2021 | 09:52
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізбек
Еуропалық одақ (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері саясаткер Алексей Навальныйдың сотталуына байланысты Ресей билігіне қарсы қосымша санкциялар енгізуге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі France 24 басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еуропалық одақ (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері саясаткер Алексей Навальныйдың сотталуына байланысты Ресей билігіне қарсы қосымша санкциялар енгізуге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі France 24 басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Брюссельде ЕО-ның 27 елінің сыртқы істер министрлері отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Еуропалық кеңес мұны мақұлдаған жағдайда, бұл адам құқықтарын бұзу дерегі үшін қолданылатын ЕО-ның алғашқы санкциялар механизмі болмақ. Бұл механизм ЕО-ға мүше 27 мемлекетке активтерін тоқтатып, елге өткізуге тыйым салу арқылы адам құқықтарын бұзғаны үшін кінәлілерді жазалауға мүмкіндік береді.
"Алексей Навальныйды тұтқындауға және соттауға жауапты адамдарға санкция енгізу туралы саяси келісімге қол жеткіздік. Процесс бір аптаға ғана созылады деп үміттенемін", - деді Жозеп Боррель.
Басылым мәліметінше, Еуроодақ дипломатиясының басшысына санкциялар қолданылатын лауазымды тұлғалардың атын жазу тапсырылған.
"Ресей Еуропалық одақпен ынтымақтастыққа мүдделі емес екенін көрсетті, бірақ ел Еуропалық одақпен конфронтацияға және одан шығуға мүдделі көрінеді", - деп толықтырды Боррел.
Айта кетейік, сыртқы істер министрлерінің шешімі санкциялар енгізу процесінің алғашқы кезеңі, оларды Еуропалық одақ саммиті бекітеді.
Еске салайық, Алексей Навальныйдың шартты жазасы күшін жойып, нақты колонияғы мерзім тағайындалды. Ол шамамен 2,5 жылын тұтқында өткізуі тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также