Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©РИА Новости

Еуроодақ сыртқы істер кеңесі Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Еуроодақ сыртқы істер кеңесі Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Панама-Ситиде өткен баспасөз мәслихатында Еуроодақ сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл санкциялар Ресейдің энергия экспортын шектейді.

"Осы аптада Еуропалық комиссия, Одақтың атқарушы органы, ЕО санкциялар пакетін, соның ішінде Ресейді үлкен кіріс ағынынан айыратын шара қабылайды деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сыртқы істер кеңесінің отырыстарына төрағалық ететін Боррель ЕО "осы импортты айтарлықтай шектеу үшін шаралар қабылдай алады" деп үміттенетінін айтты, бірақ блоктың бүкіл мүшелігі әлі келіспейтінін мойындады.

"Бірақ, кем дегенде, мұнай импортына қатысты мұндай келісім кеңестің келесі отырысына дейін қабылданатынына сенімдімін", - деп қосты ол.

Айта кетейік, кеңес отырыстары 10 мамыр мен 16 мамырға жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама