25 ақпан 2022 | 13:50

Еуроодақта Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті әзірленді

Дина Шарипханова Корреспондент

Еуропалық Одақ (ЕО) басшылары Ресейдің қаржы, көлік және энергетика салаларына қарсы тағы бір санкциялар пакеті туралы келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропалық Одақ (ЕО) басшылары Ресейдің қаржы, көлік және энергетика салаларына қарсы тағы бір санкциялар пакеті туралы келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен санкциялар ресейлік банк нарығының 70 пайызына және негізгі мемлекеттік компанияларға, соның ішінде қорғаныс компанияларына әсер ететінін айтты.

"Экспортқа тыйым салу Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын жаңартуға мүмкіндік бермей, мұнай секторына әсер етеді", - деді фон дер Ляйен.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол ЕО ресейлік әуекомпанияларына ұшақтар мен жабдықтарды сатуға тыйым салатынын айтты.

Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель бұл шаралардың Ресейге "Украинаға қарсы негізсіз әскери агрессиясына" жауап ретінде ауқымды және ауыр зардаптары болатынын айтты.

"ЕО Ресейге ауыр зардап әкелетін шектеу шаралары туралы келісті. Бұл санкциялар қаржы секторын, энергетика және көлік секторларын, қосарлы мақсаттағы тауарларды, сондай-ақ экспорттық бақылау және экспортты қаржыландыру, визалық саясат, қосымша ресейлік жеке тұлғалардың тізіміне енгізу", - деді Мишель.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная