Еуроодаққа евродан бас тартуға ұсыныс жасалды

"?лтты? фронт" французды? лидері Марин Ле Пен Еуроода??а евродан бас тартып, б?рын?ы валюта бірлігі ЭКЮ-?а ?айтып ?олданыс?а ?осуды ?сынды, - деп хабарлайды Reuters.

"Ұлттық фронт" француздық лидері Марин Ле Пен Еуроодаққа евродан бас тартып, бұрынғы валюта бірлігі ЭКЮ-ға қайтып қолданысқа қосуды ұсынды, - деп хабарлайды Reuters.

Ле Пеннің айтуынша, мұндай қадам Францияға өзінің төл ақша бірлігі - франкке қайтып оралуға болады. Ол сонымен қатар Францияда өтетін президент сайлауында жеңіске жеткен жағдайда ұлттық валютаны қайта өндіріске қосатынын мәлімдеді. 

ЭКЮ (ECU - European Currency Unit) - 1979 жылы наурызда енгізілген және Еуропалық экономикалық ұйымға кіретін елдердің банктерінің айналымында қолданылатын болған. Алайда осы бірлік электрондық жүйеде ғана қолданылатын болған. 

Реклама
Реклама

Францияда президент сайлауы екі кезеңнен тұрады: 2017 жылдың 23 сәуірінде және 7 мамырда. Ле Пен президент болуға бірден-бір үміткер болып саналады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама