12 қазан 2022 | 08:44

Еуропа елдері Ресейге талап қойды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Еуропаның 11 елінің президенттері Ресейден Украинадағы азаматтық нысандарға шабуыл жасауды дереу тоқтатуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Польша президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропаның 11 елінің президенттері Ресейден Украинадағы азаматтық нысандарға шабуыл жасауды дереу тоқтатуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Польша президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Болгария, Чехия, Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Польша, Румыния және Словакия, сондай-ақ Солтүстік Македония мен Черногория кіретін "Бухарест тоғыздығы" елдері Ресейдің Украинаға жасаған жаппай зымырандық шабуылдарын айыптады. Бірлескен мәлімдемеде олар Мәскеуден азаматтық нысандарға шабуыл жасауды дереу тоқтатуды талап етті.

"Біз өз мемлекеттеріміздің атынан Ресейден азаматтық нысандарға шабуыл жасауын дереу тоқтатуды талап етеміз. Біз жасалып жатқан қылмыстарға кінәлілерді жауапқа тарту әрекетін тоқтатпаймыз", - делінген құжатта.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ халықаралық құқық мұндай шабуылдарды әскери қылмыс деп санайтынын түсіндірді.

"Соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстардың ескіру мерзімі жоқ және ол бүкіл әлем бойынша соттардың юрисдикциясына жататынын еске саламыз", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары Ресей өкілдерінің ядролық қаруды қолдану қаупін қабылдауға болмайтынын атап өтті.

"Осы тұрғыда біз өз елдеріміз бен одақтастарымызды қорғауға деген адалдығымызды растаймыз", - делінген құжатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная