15 қараша 2021 | 11:27

Еуропа Одағы Минск әуежайына қарсы санкциялар енгізуі мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© РИА Новости

Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Беларусь Республикасына қарсы санкцияларды кеңейтіп, бұл қатарға мигранттарды блок шекарасына жеткізуге қатысы бар авиакомпаниялар мен туристік агенттіктерді қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Беларусь Республикасына қарсы санкцияларды кеңейтіп, бұл қатарға мигранттарды блок шекарасына жеткізуге қатысы бар авиакомпаниялар мен туристік агенттіктерді қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді. Агенттік мәліметінше, ЕО Беларусь Республикасы мигранттарды өз аумағына келуге шақырып, мыңдаған бөлігін санкцияларға жауап ретінде Польша мен ЕО-ның басқа көрші мемлекеттері шекарасынан өтуге итермелейді деп айыптады.

Агенттік ЕО авиакомпанияларға мигранттарды әкелуді қиындату үшін Беларусь Республикасының басты әуежайына санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Беларусь Республикасына қарсы санкцияларымыздың құқықтық базасын кеңейтеміз, оны осы елге мигранттарды заңсыз әкелуге қатысқандарға қолдануға болады", - деді Боррель француздық Le Journal du Dimanche газетіне.

Ол авиакомпаниялар мен туристік агенттіктердің басшылары Еуропа Одағында сапарға тыйым салуға және активтерді тоқтатуға тап болуы мүмкін екенін айтты. Боррельдің айтуынша, дағдарысқа қатысы бар Беларусь Республикасында 30-ға жуық мемлекеттік қызметкері де санкцияға ұшырауы мүмкін.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Батысқа елге жаңа санкциялар мен шекаралардың жабылуына қауіп төндірмес бұрын ойлануға кеңес берді, сонымен қатар, Еуропаға газ транзитін тоқтатамын деп қорқытты. Кейінірек Еуропа Одағы Лукашенконың мәлімдемесіне жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная