ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2022 | 08:46
Еуропа Одағы Ресейге қарсы жаңа санкциялар салады - БАҚ
Еуропа комиссиясы Еуроодақ елдеріне Ресейге қарсы жаңа ауқымды санкцияларды, оның ішінде құны шамамен 9 миллиард еуро тұратын көмір, ағаш, химиялық және басқа да өнімдерді импорттауға тыйым салуды ұсынады, - деп хабарлайды Reuters.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еуропа комиссиясы Еуроодақ елдеріне Ресейге қарсы жаңа ауқымды санкцияларды, оның ішінде құны шамамен 9 миллиард еуро тұратын көмір, ағаш, химиялық және басқа да өнімдерді импорттауға тыйым салуды ұсынады, - деп хабарлайды Reuters.
Агенттік мәліметінше, ЕО жылына тағы 10 миллиард еуро көлемінде, соның ішінде жартылай өткізгіштер, компьютерлер, сұйытылған табиғи газ және басқа да электр, көлік жабдықтарын Ресейге экспорттауға тыйым салуды ұсынады.
Сонымен қатар, ресейлік кемелер мен жүк көліктеріне ЕО-ға кіруге тыйым салынады. Энергетика өнімдеріне, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерге байланысты жағдай ескеріледі. ЕО ВТБ және SWIFT жүйесінен шығарылған тағы үш ресейлік банкке барлық операцияға тыйым салады. Сондай-ақ, олигархтар мен саясаткерлерді қоса алғанда, тағы да ондаған жеке тұлға ЕО санкциялар тізіміне қосылады.
Агенттік мәліметінше, Еуропа комиссиясы Ресейге қарсы жаңа санкциялар аясында ресейлік көмірді импорттауға тыйым салуды ұсынуға ниет білдіріп отыр. Ресейден ағаш, цемент, резеңке және химиялық заттарды, сондай-ақ жылына 5 миллиард еуро көлеміндегі жалпы қымбат тамақ өнімдерін, соның ішінде уылдырық пен арақ сияқты ішімдіктерді импорттауға тыйым салынады.
"Еуропа Одағы Ресейден көмір импортынан міндетті әрі кезең-кезеңмен бас тартуды ұсынуды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Ресейге салынатын технология экспортына тыйымның шамамен 10 миллиард еуросын қосқанда, жаңа шектеулер ЕО мен Ресей арасындағы сауда құнын жылына кемінде 20 миллиард еуроға төмендетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также