28 қаңтар 2022 | 11:55

Еуропа Pfizer-дің коронавирусқа қарсы таблеткаларын мақұлдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) Pfizer америкалық фармацевтикалық компаниясы жасаған Паксловид (Paxlovid) препаратын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ema сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) Pfizer америкалық фармацевтикалық компаниясы жасаған Паксловид (Paxlovid) препаратын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ema сайтына сілтеме жасай отырып.

Еуропалық агенттік Pfizer компаниясының COVID-таблеткаларын коронавирус ауыр жағдайда өтетін ересектерді емдеу үшін қолдануға рұқсат берді. Сондай-ақ, сөз қауіп деңгейі жоғары, қосымша оттегі қажет етпейтін адамдар туралы болып отырғаны айтылды.

"EMA адамдық дәрі-дәрмек жөніндегі комитеті COVID-19-ды емдеуге арналған вирусқа қарсы Paxlovid препаратын шартты тіркеуге рұқсат беруді ұсынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Агенттік Паксловид препаратын қолдану COVID-19-ға шалдыққан науқастар арасында ауруханаға жатқызу немесе өлім санын едәуір төмендетеді деп санайды.

Зерттеу нәтижелері бойынша, 5 күн Паксловидпен емдеуден кейін бір ай ішінде науқастардың тек 0,8 пайызы 24 сағаттан аса уақыт ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар, плацебо қабылдаған науқастар арасында ауруханаға түскендер үлесі 6,3 пайыздан жоғары болған.

Науқастар арасында бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеген, ал плацебо қабылдаған топта 9 адам қайтыс болған.

Зерттеу нәтижелері дельта штамына қатысты екені, бірақ омикронға және басқа штамдарға қарсы белсенді түрде күресе алуы мүмкін екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная