30 қазан 2020 09:06

Еуропада бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 32 пайызға артты - ДДҰ

© Reuters

Еуропада коронавирус пандемиясына байланысты жағдай күрделене түсті. Бұл туралы ДДҰ аймақтық директоры Ханс Клюгге мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропада коронавирус пандемиясына байланысты жағдай күрделене түсті. Бұл туралы ДДҰ аймақтық директоры Ханс Клюгге мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Еуропа аймақтарында COVID-19 жұқтырғандар саны 10 миллионнан асқан. 

Реклама
Реклама

"Осы аптада еуропалық аймақтарда пандемия басталғалы бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд тіркелді, кейінгі аптада COVID-19 жұқтырған 1,5 миллион адам анықталды. Жалпы 14 күнде науқастар саны 7 миллионнан 9 миллионға өсті және бүгінде Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты", - дейді Клюгге. 

Клюггенің айтуынша, бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 32 пайызға артқан. Вирус тәуекел тобындағы адамдар мен жастар арасында да тарай бастаған. 

Ұйым өкілінің сөзінше, балалар мен жасөспірімдер COVID-19 таратушысы болып саналмайды. Сондықтан мектептерді жабу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram