ПОДЕЛИТЬСЯ
04 наурыз 2022 | 09:10
Еуропадағы ең ірі атом электр станциясында өрт шықты
Запорожье атом электр станциясы аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Запорожье атом электр станциясы аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Энергодар қаласындағы Запорожье атом электр станциясындағы өртке ресейлік әскердің шабуылы себеп болғанын мәлімдеді.
"Ресей армиясы Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы Запорожье атом электр станциясын жан-жақтан атқылап жатыр. Өрт қазірдің өзінде тұтанып үлгерді. Егер ол жарылса, Чернобыльдан 10 есе жойқын болады. Ресей тез арада атысты тоқтатуы керек, өрт сөндірушілерге қауіпсіздік орнатуға мүмікіндік керек", - деді Украина сыртқы істер министрі.
Энергодар қаласының мэрі Дмитрий Орлов жұмаға қараған түні жақын маңдағы Запорожье атом электр станциясының ғимараттары мен блоктары үздіксіз шабуылға ұшырап, салдарынан Еуропадағы ең ірі атом электр станциясында өрт шыққанын мәлімдеді.
Украиналық БАҚ Запорожье атом электр станциясының бақылау камерасынан станциядағы ғимараттардан түтін шығып жатқанын көрсететін кадрларды жариялады.
"Энергоатом" мемлекеттік кәсіпорны ЗАЭС-тегі апат бүкіл әлем үшін ауыр және қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін деп мәлімдейді.
Мәліметтерге сәйкес, шабуылдар салдарынан өртсөндірушілер өртті сөндіруге кірісе алмаған. Кейбір мәлімет бойынша, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірінші энергоблокта апат болған, алайда АЭС жұмысшыларының айтуынша, одан ядролық отын шығарылмаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также