01 шілде 2021 | 09:36

Еуропадағы жағдай "дельта" штамына байланысты нашарлай бастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Еуропадағы эпидемиялық көрсеткіштер тағы да нашарлай бастады. Бұл Үндістанда анықталған "дельта" штамына байланысты, - деп хабарлайды Euronews.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропадағы эпидемиялық көрсеткіштер тағы да нашарлай бастады. Бұл Үндістанда анықталған "дельта" штамына байланысты, - деп хабарлайды Euronews.

Ресми мәліметтер бойынша, Ресейде маусымда коронавирус жұқтыру дерегі 40 пайызға, 375 мыңға дейін артқан. Олардың басым бөлігінен "дельта" штамы анықталған. Ұлыбританияда да жағдай осыған ұқсас, онда қазір 100 мыңға жуық адам емделіп жатыр.

Еуропа елдері үшін инфекцияның жаңа штамы жаңа шектеулерге негіз болады. Мысалы, вирустың "дельта" нұсқасының таралуын тоқтату үшін Германия Португалиядан келгендерге екі апталық карантин енгізеді. Еурокомиссия мұндай шешімдерді келісіп енгізуге шақырды.

Реклама
Реклама

"Кез келген төтенше шешім туралы Еурокомиссияны және одақтың басқа елдерін мүмкіндігінше тезірек хабардар ету маңызды. ЕО-ға мүше мемлекеттер саяхатқа тыйым салмай қатаң шараларды енгізу туралы келісілген ұсыныстарды ұстануы керек. Германияның шешімдері бұған толық сәйкес келмейтін тәрізді", - деді Еуропалық комиссияның ресми өкілі Кристиан Виганд.

Футболдан Еуропа чемпионатының да бұл жағдайға салдары бар екені айтылды. Финляндияда санитария шектеулерін алып тастау жоспары сәтсіздікке ұшырады. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, EURO-2020 матчтеріне, Санкт-Петербургке сапар кезінде кем дегенде 300 финн коронавирус жұқтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram