04 тамыз 2021 16:41

Еуропадан АҚШ-қа кіретін саяхатшыларға тыйымды алып тастау ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен АҚШ-ты еуропалық саяхатшылардың кіруіне рұқсат беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен АҚШ-ты еуропалық саяхатшылардың кіруіне рұқсат беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Маусымнан бастап ЕО блоктың 27 еліне АҚШ саяхатшыларына кіруге рұқсат беруді ұсынды. Алайда Еуропадан АҚШ-қа барған саяхатшыларға қатысты тыйым әлі де сақталған.

"Біз екі жаққа да келетіндерге салыстырмалы ережелерді қолдануды талап етеміз. Бұл мәселені тезірек шешуіміз керек. Бұл бірнеше аптаға созылмауы керек", - деді ЕО басшысы.

Реклама
Реклама

Фон дер Ляйен АҚШ пен ЕО елдеріндегі эпидемиологиялық жағдай "өте ұқсас" екенін айтты.

Басылым мәліметінше, ЕО коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды таратуда АҚШ-тан алда келеді. Осылайша, вакцинаның алғашқы дозасын АҚШ-та 57,8 пайыз, еуропалық блок халқының 59,3 пайызы алған.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Штаттарда орташа есеппен 66,606 жаңа жағдай тіркелген.

ЕО кеңесі маусымда Шенген елдеріне АҚШ, Австралия, Израиль, Жапония, Оңтүстік Корея, Руанда және Қытай кірген елдер тізімінен саяхатшыларға кіруге рұқсат беруді ұсынды. Сонымен қатар, Ұлыбритания АҚШ-тан толық вакцина алып келген саяхатшылар үшін міндетті карантинді алып тастады.

Алайда, Америка Құрама Штаттары Үндістанның "дельта" штамының таралуына байланысты шектеулерді сақтап қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram