ПОДЕЛИТЬСЯ
23 сәуір 2021 | 09:31
Еуропаға шыққан 130 босқын теңізге батып кетті
Ливия жағалауында босқындар мінген қайық аударылып, 130-ға жуық адам қайтыс болды, - деп хабарлайды United News of India.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ливия жағалауында босқындар мінген қайық аударылып, 130-ға жуық адам қайтыс болды, - деп хабарлайды United News of India.
Бұл туралы SOS Mediterranee үкіметтік емес ұйымы хабарлаған. Ұйым мәліметі бойынша, соңғы 48 сағат ішінде Ливия жағалауында апатқа ұшыраған үш қайық туралы хабарлама келген. Олар SOS Mediterranee-ге тиесілі Ocean Viking құтқару кемесінен кемінде он сағаттық жерде екені ескертілген.
"Бірнеше сағат іздеуден кейін қорқынышымыз шынға айналды. Бірде-бір адам тірі қалмаған", - делінген ұйым хабарламасында.
Жерорта теңізіндегі құтқару операциясына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтірген. Іздеу аймағындағы толқындар биіктігі алты метрге дейін жеткен.
Басылым мәліметіне сүйенсек, барлық еуропалық билік іздеу жұмысын үйлестіру жауапкершілігінен бас тартқан.
Айта кетейік, Ливия - Африка елдерінен келген босқындарға негізгі транзиттік орын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также