Еуропалық Одақ Қазақстанға коронавируспен күреске 1,6 миллион еуро бөледі

Фото: tengrinews.kz

Еуропалық Одақ Қазақстанға COVID-19-бен күреске 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Еуропалық Одақ Қазақстанға COVID-19-бен күреске 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Еуропалық Одақ "Орта Азиядадағы COVID-19: Дағдарысқа жауап беру (CACCR)" бағдарламасын жүзеге асырады. Осы орайда ЕО Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстанға 3 миллион еуро бөледі.

Бұл қаржының басым бөлігі - 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) Қазақстанға бөлінеді.

Реклама
Реклама

Аталған көмек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы беріледі. Себебі, Еуропалық Одақ бұл ұйыммен келісімшартқа отырған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама