17 ақпан 2022 | 09:34

Еуропаның екі елі барлық COVID шектеуін алып тастайды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Австрия мен Швейцарияда барлық коронавирус шектеуі алып тасталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Австрия мен Швейцарияда барлық коронавирус шектеуі алып тасталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Австрияда барлық шектеу шараларын 5 наурыздан бастап алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, түнде кафелер мен мейрамханалардың жұмысына тыйым салынбайды, қоғамдық орындарда тамақ іше беруге болады. Коменданттық сағат та алып тасталады.

Сонымен қатар, 19 ақпаннан бастап елде 3G ережесіне оралу, яғни вакцинация немесе қалпына келтіру туралы анықтамадан бөлек коронавирус нәтижесі теріс болса да, іс-шараларға кіруге рұқсат беріледі.

Реклама
Реклама

©REUTERS 

Карантин шектеулері "осал жерлерде" сақталады: ауруханалар мен қарттар үйі. Онда  2G ережесі қалпына келтіру немесе вакцинация туралы анықтаманы талап етеді. Бетперде тағу талабы қоғамдық көліктерде, сондай-ақ, банктерде, супермаркеттерде, дәріханаларда және пошта бөлімшелерінде қолданылады. Басқа жерлерде бұл тек ұсыныс ретінде қалады.

Швейцарияда 17 ақпаннан бастап COVID-төлқұжаттарын қолдану тоқтатылды. Сондай-ақ, жеке жиналыстарға ешқандай шектеу қойылмайды. Мектептерге, дүкендерге, концерт залдарына және жұмыс орындарына міндетті бетпердеге қойылатын талаптар алып тасталады. Бірақ наурыздың аяғына дейін қоғамдық көліктер мен медициналық мекемелерде тағу керек.

©REUTERS 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная