Еуропарламент Хорватияның Шенген аймағына қосылуын қолдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Брюссельде өтіп жатқан Еуропарламенттің жалпы отырысында еуропалық депутаттар Хорватияны Шенген аймағына толыққанды мүшелікке қабылдауға дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брюссельде өтіп жатқан Еуропарламенттің жалпы отырысында еуропалық депутаттар Хорватияны Шенген аймағына толыққанды мүшелікке қабылдауға дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Еуропалық Одақтың (ЕО) заң шығарушы органының мәлімдемесінде айтылды.

"Депутаттар Шенген еркін қозғалыс аймағы мен Хорватия арасындағы ішкі шекаралық бақылауды тоқтатуды мақұлдады", - делінген Еуропарламент хабарламасында.

Реклама
Реклама

Бұл шешімді қолдап 534 депутат дауыс берсе, 53 адам қарсы, 25 қалыс қалған. Еуропарламент Хорватиямен ішкі шекаралық бақылауды алып тастау жыл соңына дейін жүзеге асуы керек деп санайды.

"Хорватия осы уақытқа дейін ЕО-ға мүше барлық елдердің Шенген аймағына кіру үшін жан-жақты бағалаудан өтті. Ол Шенген заңнамасының 8 бөліміндегі 281 ұсынымды ескерді. Еуропалық комиссия мен ЕО Кеңесі елдің Шенген ережелерін толық қолдануға дайын екенін растады", - деді Португалиядан келген депутат Пауло Рангел.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная