ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2020 | 10:01
Еуропарламент Лукашенконы президент ретінде мойындаған жоқ
Еуропарламент Беларусьте өткен президент сайлауының нәтижесін мойындаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еуропарламент Беларусьте өткен президент сайлауының нәтижесін мойындаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Еуропарламенттегі саяси партиялар Беларусьте жаңа "еркін" сайлау өткізуге шақырды. Бұл саяси партия лидерлерінің біріккер мәлімдемесінде көрсетілген.
"Біз Беларусь халқына батылдығы үшін алғыс айтамыз. Олардың демократиялық өзгерістер мен бостандық жолындағы ұмтылысын қолдаймыз. 9 тамызда өткен президент сайлауы еркін, әділ өткен жоқ. Шындыққа жанасатын есеп Светлана Тихановская жеңіске жеткенін көрсетеді. Сондықтан біз Александр Лукашенконы жаңа сайланған Беларусь президенті ретінде мойындамаймыз. Оны Еуропа Одағындағы нон-грата тұлғасы деп санаймыз", - делінген құжатта.
Лукашенко қандай жағдайда жаңа президент сайлауы өтетінін айтты
Мәлімдемеге "Еуропалық халық партиясы", "Жаңа Еуропа", "Социалистер мен демократтардың прогрессив альянсы", "Жасылдар" фракциясы қол қойған.
"Еуропарламент мүшелері Ресейден Беларусьтің ішкі ісіне араласпауды сұрады. Еуропалық Одақ институттары мен Одаққа мүше мемлекеттерді Ресейдің осы бағыттағы әрекетіне қарсы тұруға шақырамыз", - делінген құжатта.
Беларусьтегі президент сайлауының қорытындысы жарияланды
Сонымен қатар, депутаттар Беларусьте бейбіт шеруге шыққандарға қарсы күш қолдану әрекетін айыптады. Олар шеруге қатысқан адамдарға күш қолдану фактісіне қатысты әділ тергеу жүргізуге шақырды.
"Біз еркінен тыс ұсталған барлық адамды қамаудан босатуды талап етеміз" - деді саяси партия лидерлері.
Франция Президенті Эммануэль Макрон Еуропалық Одақты Беларусьте шеруге шыққандарды қолдауға шақырды.
"Еуропалық Одақ 100 мың белорусқа қолдау көрсетуін жалғастыруы керек. Олар өз құқықтары, бостандығы, егемендігі үшін бейбіт түрде шеруге шықты", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Еуропалық Одақтың сыртқы істер жөніндегі бас төрағасы Жозеп Боррель "Еуропалық Одақ Беларусь халқына тілектес екенін" мәлімдеді.
Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?
Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также