Еуропарламент мүшесі Меркельден "аузын жабуды" сұрады

Жан-Люк Меланшон Ангела Меркельге тіл тигізді. ©lalibre.be

Еуропа парламентінің депутаты Жан-Люк Меланшон Францияға қатысты сын айтқан Германия канцлері Ангела Меркельге тіл тигізді. "Аузыңызды жабыңыз, Меркель ханым! Франция - азат ел", - деп жазды немістің "Сол майдан" партиясының жетекшісі Twitter-дегі парақшасында

"Одан да өз кедейлеріңіз бен үйіндіге айналған шаруашылықтарыңызды ойлаңыз", - деп жазды Жан-Люк Меланшон француз тілінде. 

РИА Новости-дің хабарлауынша, саясаткердің мұндай ащы сөзі - Ангела Меркельдің Die Welt басылымына берген сұхбатына қайтарылған жауап. Өз сұхбатында Меркель Италия мен Франция жүргізіп жатқан реформалардың жеткіліксіз екенін айтқан. 

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама