ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 желтоқсан 2014 23:01
Еуропарламент мүшесі Меркельден "аузын жабуды" сұрады
Еуропа парламентінің депутаты Жан-Люк Меланшон Францияға қатысты сын айтқан Германия канцлері Ангела Меркельге тіл тигізді. "Аузыңызды жабыңыз, Меркель ханым! Франция - азат ел", - деп жазды немістің "Сол майдан" партиясының жетекшісі Twitter-дегі парақшасында.
"Одан да өз кедейлеріңіз бен үйіндіге айналған шаруашылықтарыңызды ойлаңыз", - деп жазды Жан-Люк Меланшон француз тілінде.
РИА Новости-дің хабарлауынша, саясаткердің мұндай ащы сөзі - Ангела Меркельдің Die Welt басылымына берген сұхбатына қайтарылған жауап. Өз сұхбатында Меркель Италия мен Франция жүргізіп жатқан реформалардың жеткіліксіз екенін айтқан.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу