02 наурыз 2022 01:05

Эвакуацияланған қазақстандықтар Украинадағы жағдай туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Эвакуацияланған қазақстандықтар Нұр-Сұлтанға ұшып келгеннен кейін Украинадағы жағдай мен жолдағы қиындықтар, соғыс жүріп жатқан жерде қалған достары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эвакуацияланған қазақстандықтар Нұр-Сұлтанға ұшып келгеннен кейін Украинадағы жағдай мен жолдағы қиындықтар, соғыс жүріп жатқан жерде қалған достары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шу қаласының тұрғыны Асылан Қастаев Днепропетровскке жұмыс сапарымен барған. Ол жерде бір ай болған. Ал Польша шекарасына дейін таксимен жеткен.

"Такси жүргізушісі 450 долларға апарды. Бұл маңызды емес (болып жатқан жағдаймен салыстырғанда. - ескерт.). Бензин жоқ, 50-60 шақырымдай жүруге тура келеді. Көпір екі рет жарылды, жанармай құйып алғаннан кейін де ол жерлерде бомба жарылды. Ресейлік тікұшақтарын көрдік, ұшып жүрді. Балалар үйіне түсті, жолда автобус бомбаланғанын көрдік. Адамдарды өлтіріп жатыр. Олар өте батыл. Бізді алып келген такси жүргізушісі де сондай. Қан тапсыруға бардық, бірақ бере алмадық, өйткені көп адам қан тапсырып жатыр", - деді ол өз Отанына келгеннен кейін әуежайда.

Реклама
Реклама

Елена Кузьмина Киевте 10 жылдан бері тұрады. "Эйр Астана" оған өзімен бірге төрт марғауы бар мысықты бортқа алуға рұқсат берген.

"Қорқынышты болды: белгісіздік, жарылыстар. Үш күн тамақ ішпедік, күніне екі сағат ұйықтадық. Бақытымызға орай, жұмысым қашықтан істеледі. Өмір жалғасып жатыр. Жағдай тұрақталғаннан кейін Киевке ораламын. "Эйр Астанаға" алғыс білдіремін. Марғаулар тыныш келді", - деді ол.

Кәрім Мәжіқұлов әйелімен бірге Украинада 2013 жылдың аяғынан бастап тұрады және жұмыс істейді.

"Елде соғыс болып жатыр. 24 ақпанда таңертең Львов облысында іссапарда болдым. Бізден 15 шақырым жерде тікұшақ әскери бөлімі болды. Сол жерден таңертеңгі жетіден бастап жарылыстар естілді. Содан кейін оған зымыран соққысы тигенін білдік.  Мен білетін украиналықтар өз еркімен соғысқа аттанды. Олардан кейде хабар алып отырамын", - деді Мәжіқұлов.

Киевтен шекараға дейін Кәрім баласымен және әйелімен бірге өз көліктерімен жеткен. Шекарада оны достарына қалдырған.

"Харьковта қалған қазақстандықтар бар. Досым Данияр қазір сол жерде, бесінші тәулік бойы бүкіл отбасымен бірге бомбадан жасырынып жатыр. Харьков Ресеймен шекарада орналасқан. Әйелім де Харьковтағы әріптестерімен хабарласып отыр. Киевтен немесе Одессадан шығуға қарағанда ол жақтан шығу қиынырақ", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram