13 ақпан 2020 | 09:32

Facebook ресейлік барлау қызметіне байланысы бар деген 78 аккаунтты өшірді

© Reuters

Америкалық Facebook компаниясы әлеуметтік желінің ережесін бұзғаны үшін Facebook-те 78 аккаунт, 11 парақша және 29 қауымдастықты, Instagram-та 4 аккаунтты өшірді. Олар шетелге қол сұғу ережесін бұзған деп айыпталды. Тыйым салынған әрекет Ресейден Украинаға қарсы бағытталған, - деп хабарлайды DW.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Facebook компаниясы әлеуметтік желінің ережесін бұзғаны үшін Facebook-те 78 аккаунт, 11 парақша және 29 қауымдастықты, Instagram-та 4 аккаунтты өшірді. Олар шетелге қол сұғу ережесін бұзған деп айыпталды. Тыйым салынған әрекет Ресейден Украинаға қарсы бағытталған, - деп хабарлайды DW.

Компания жариялаған құжаттың мәліметінше, бұл парақшалардың әкімдігі мен аккаунттардың иелері орыс, ағылшын және украин тілдерінде Украинаның танымал адамдарына, Ресейдің Сириядағы әскери операциясына, Қырымдағы этникалық қарбаласқа, 2014 жылы малайзиялық авиалайнердің Украинада апатқа ұшырауына қатысты жергілікті және саяси жаңалықтарды жазып отырған. 

Реклама
Реклама

Facebook хабарламасына сүйенсек, бұл желінің артында тұрған адамдар өздері мен қызметтерін жасырын ұстауға тырысқанымен, тексерістен соң олардың ресейлік әскери барлау қызметіне байланысы бар екені анықталған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная