Facebook-трансляция жүргізіп отырған қыз сүйіктісін атып алды

А?Ш-та Facebook-трансляция ж?ргізіп отыр?ан ?ыз с?йіктісін атып алды. О?и?а 31 наурызда Техас штатында?ы Хьюстонда бол?ан, - деп хабарлайды Crimeola.com.

АҚШ-та Facebook-трансляция жүргізіп отырған қыз сүйіктісін атып алды. Оқиға 31 наурызда Техас штатындағы Хьюстонда болған, - деп хабарлайды Crimeola.com.

Достар Девин Холмс, Кадиллак Коулеман және Кассандра Дэмпер Хьюстонға аттанған. Кешкі уақытта олар жанармай құю бекетінде сәл демалып алғысы келіп, тікелей эфир қосқан. Кассандра салоннан тапанша тауып алып, достарының ескертуіне құлақ аспай, шүріппені басып қалған.

Оқ Холмстың басына дәл тиген. Осыдан кейін қалған екеуі шошып, көліктен түсіп қашады. Оқ тиген жігіт аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр екен.

Реклама
Реклама

Полиция зардап шеккен жігіттің достарынан жауап алыпты. Оқиға тергеліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама