Федералды қауіпсіздік қызметі 1 қыркүйекте Ресейде теракт жасамақшы болған Орта Азия тумаларын ұстады

Федералды қауіпсіздік қызметі 1 қыркүйекте Ресейде теракт жасамақшы болған Орта Азия тумаларын ұстады © РИА Новости

Мәскеу және Мәскеу түбінде теракт ұйымдстырмақшы болған Орталық Азия тумалары Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымының мүшелері болып шықты. Ұсталғандардан теракт ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар табылды, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

Федералды қауіпсіздік қызметіндегілер Ресейде 1 қыркүйекте теракт жасамақшы болған Орта Азияның екі тумасының ұсталғанын хабарлады.

"Ұсталғандардың бірі жақында Желіде Ресейде тыйым салынған террористік ұйымның мүшелеріне видеоүндеу жариялаған. Видеоүндеуінде ол лаңкестерге ант береді.. Сондай-ақ, оның телефонынан осы ұйымға мүше адамдардың байланыс нөмірлері мен жоспарлап жатқан терактінің нұсқаулығы табылды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Ресейде 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталып, мектептерде мерекелік-іс шаралар өтеді.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама