ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2021 | 09:26
ФИФА-ның бұрынғы президенті мен УЕФА-ның экс-басшысы алаяқтық жасады деп айыпталды
ФИФА-ның бұрынғы басшысы Йозеф Блаттер мен УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платиниді Швейцария прокуратурасы алаяқтық жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ФИФА-ның бұрынғы басшысы Йозеф Блаттер мен УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платиниді Швейцария прокуратурасы алаяқтық жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Швейцарияның федералды әділет бюросы сол кездегі ФИФА президенті Блаттерге 2011 жылы сол кезде УЕФА басшысы болған Платиниге 2 миллион еуроны заңсыз аударды деген күдікпен іс қозғады. Платини Блаттердің бірінші президенттік мерзімі (1998-2002) кезінде оның кеңесшісі ретіндегі жұмысы үшін келісімшартсыз заңсыз жалақы алған. Франция құрамасының бұрынғы капитаны 2011 жылы ақпанда Блаттердің мақұлдауымен қомақты қаржыны өз шотына аударған.
Блаттер мен Платини енді Беллинзонада сот алдында жауап береді. Егер оларға тағылған айыптар дәлелденіп, кінәлі деп танылса, ауыр айыппұл төлеп бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Басылым Блаттерге тағылған айыптардың арасында алаяқтық, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және құжаттарды қолдан жасау бар екенін айтты. Платини алаяқтық жасады, сонымен қатар жалған құжат жасады деп айыпталып отыр.
Бұл айыптау алты жылға созылған тергеудің нәтижесінде қойылды. Прокурордың айтуынша, Платини 1998-2002 жылдардағы ФИФА басшысы ретінде бірінші президенттік мерзімі кезінде Блаттерге жасаған жұмысы үшін 2011 жылы ретроактивті түрде қосымша жалақы сұраған. Ол кезде Блаттер қайта сайлану үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын және Платинидің еуропалық сайлаушылар арасындағы ықпалы маңызды болды.
"Бас прокуратура жинаған дәлелдемелер Платиниге бұл төлемнің заңды негізсіз жасалғанын растады. Бұл төлем ФИФА активтеріне зиян келтіріп, Платиниді заңсыз байытқан", - делінген прокуратураның мәлімдемесінде.
ФИФА тарихындағы ең үлкен жанжал 2015 жылдың мамыр айының соңында, Швейцария полициясы ұйым президентін сайлауға екі күн қалғанда ұйымның тоғыз жоғары лауазымды шенеунігін Цюрихтегі қонақүйде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстаған кезде болды. Америкалық әділет жүйесі, ФИФА этика комитетінің төрелік палатасы Блаттер мен Платиниді 8 жылға футбол қызметінен шеттеткен. Кейін бұл мерзім қысқартылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также