ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2021 | 09:30
Филиппинде тайфун салдарынан қаза тапқандар саны 208-ге жетті - БАҚ
Филиппиндегі Odette тайфуны салдарынан қайтыс болған құрбандар саны 208-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Филиппиндегі Odette тайфуны салдарынан қайтыс болған құрбандар саны 208-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін жергілікті БАҚ тайфун салдарынан 75 адам қаза тапқанын, 50 адам хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған болатын.
Полиция қызметкерлерінің кейінгі мәліметтері бойынша, тайфун архипелагтың оңтүстік және орталық аудандарына әсер еткеннен кейін апат құрбандарының саны 208-ге жетті, кем дегенде 239 адам зардап шекті, 52 тұрғын хабар-ошарсыз кетті.
Франс Пресс агенттігі тайфун елдің кейінгі тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болғанын хабарлады.
Тайфун 16 желтоқсанда Филиппинде көшкін мен су тасқыны қаупін тудырды. БАҚ барлық дерлік рейс, теңіз қатынасы тоқтатылғанын хабарлады. 300 мыңнан аса адам эвакуацияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также